Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – елдігіміздің тамыры» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрмедегі материалдарда отандық және шетелдік ғалымдар мен жазушылардың қазақ халқы мен Қазақ хандығының тарихы туралы туындылары ұсынылған. Біздің көрме үш бөлімнен құралды – «Ұлы даланың қорғаушылары», «Аңыз бен ақиқат», «Ата- бабаларымыздың тарихы ешқашан ұмытылмайды », олардың әрқайсысы қазақ ұлты мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының белгілі бір кезеңіне арналған. Кітап экспозициясында 40 астам баспа ұсынылды,олардың ішінде: «Қазақ халқының тарихи тұлғалары»; Б.Кәрібаев «Қазақ хандығының күшеюі»; «Қазақ хандыры – Казахские ханы – Kazakh khans»; «Ұлы даланың қорғаушылары – Хранители великой степи – A country of great steppe» және тағы басқалары. Көрме жыл бойы қойылады және жаңа материалдармен толықтырылады.