«Шежіреге толы туған өлке» жобасы аясында
Әулиекөл аудандық кітапханасы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында 2020 жылға арналған «Шежіреге толы туған өлке», жобасын әзірледі, оның басты мақсаты қазақстандықтардың өз ауылына, қаласына,өлкесіне,оның тарихына,мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген шынайы патриотттық сезімдеріне оятуға, отан алдындағы адамгершілік борышына тәрбие беру.
Жобаның мақсаты
- Патриотизм сезімдеріне, адамгершілік және рухани мәдениетті қалыптастыру ;
- Тұрғындар арасында мәдени мұра нысандарын кеңінен насихаттау. Жас ұрпақты оқуға баулу және өлкетану әдебиетіне қызығушылығын арттыру.
Жобаның міндеті
- Пайдаланушылардың сабақта, өзара қарым-қатынас және бос уақыттары үшін қолайлы жағдай жасау;
- Өлкетану сипатындағы әдебиеттерді насихаттау, кітапхана бейнесін әр тұрғын өз өлкесіне қатысты мәселелерде көмек пен қолдау таба алатын орын ретінде қалыптастыру;
- жас талантты ақындарды анықтау;
- жобаның кезеңдерін жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
- кітапхананың баспа қызметін белсендендіру;
- Әулиекөл ауданының тарихына арналған қордың мамандандырылған бөлігін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу: фотосуреттер, түрлі карталар, қолжазба материалдары, газет қиындыларының тақырыптық папкалар, альбомдар, шежірелер және басқа материалдар.
Жоба аясындағы іс-шаралар
· Г.Г.Сулеймановтың Қ.Қ.Тұрғымбаев туралы «Учитель» кітабының тұсаукесері /Қ.Тұрғымбаевтың 90 ж/
· Фольклор сағаты «Әсия Беркенова – қазақ айтысының ақиығы, жыр бұлбұлы» / Ә. Беркенованың 70 ж/
· Кеш-портрет «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!»
/Ш. Уәлихановтың 185 ж/
- Бейнеоролик «Сол ұлы соғыс солдаты» /С.Баймагамбетовтың 100 ж/
· Акция /жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу/ «Әулиекөл – оқу өлкесі» / С. Акдаулеттің «Баталар Қабыл болсын ақ тілек» жаңа кітабының шығуына/
-
Әдеби дәмхана «Танысыңыз – автор!» / кітапханаға жазушыларды, әсіресе жастарды тарту /
- Поэзиялық конкурс-фестивалы «Әулиекөлдің қазіргі ақын жастары» /түрлі әдеби бағыттарға жататын ауыл мен ауданның дарынды және жас авторларының біріктіру, сондай-ақ аудан тұрғындарын қазіргі әдебиетке тарту
- Өлкетану марафоны «Әулиекөлдің өзіндік ақындары».
Әулиекөл аудандық кітапханасындағы іс-шараларға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын мына мекен-жайы бойынша күтеміз: Әулиекөл ауылы, Сьянов көшесі,53