Қазақ хандығының құрылуының 555 жылдығына орай 4 ақпанда Юльев ауылдық кітапханасында «Қазақ хаңдығының шежіресі» суретті- кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғалардың есімдері мен шығармаларын насихаттау, патриотизм сезімін, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу тарихына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тәрбиелеу; Қазақстан халықтарының тарихи өткенімен, бүгінгі және жарқын болашағын мақтан ету.
Қазақстан халқы тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізу үшін өте ұзақ және қиын жолдардан өтті. Ата-бабаларымызды қоныстандыру, туған жерін жаудан қорғауға және оны болашақ ұрпаққа аманат ету жолында көп уақытты қажет етті. Тәуелсіздіктің шежіресін ұғыну мақсатында біз «Қазақ хандығының шежіресі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Қазақ хандығының құрылу тарихы, қазақ хандары әулеті, саяси қайраткерлер мен сол кездегі қоғамдағы қатынастар туралы материалдар ұсынылған. «Ұлы Дала мемлекеттері» атты бірінші бөлім сақтардың, сарматтардың, ғұндардың, үйсіндердің, канлалардың ежелгі мемлекеттеріне арналған. «Тарихи зерттеулер» екінші бөлімінде М.Дулат.,Ш.Уәлиханов сияқты белгілі тарихшылар мен зерттеушілердің туындылары ұсынылды. «Қазақ хандығы» атты үшінші бөлімде - қазақ хандығының құрылуы және «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы», Ж.Артыкбаев, «Абылай хан», Ж.Касымбаев «Кенесары хан», Қ.Бегалин «Бату хан» туралы материалдар қойылды. «Әдебиет және тарих» бөлімінде «Бабалар сөзі», «Батырлар жыры», С.Сматаев «Елім-ай»,А.Кулбаев « Дала аңызы » басылымдары ұсынылды. «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» бесінші бөлімі 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналды. К.Аймахан «Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады», С.Кирабаев «Тәуелсіздік рухымен» кітаптары ұсынылды. Алтыншы бөлім «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» Тәуелсіз Қазақстанға арналды.Бұл бөлім Қазақстанның құрылуы мен дамуы жайлы материалдардан құралды. Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған көрмеде 30-дан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.