2021 жылғы 3 ақпаннан бастап еліміздің барлық облыстық кітапханаларында бір уақытта орын алған маңызды оқиға -«Адалдық алаңы» жобасы аясында "Парасат жолы" – "Дорога добропорядочности" өңірлік орталықтарының ашылуы болды.
"Парасат жолы" орталықтарының негізгі міндеті - кітапхана мен азаматтық қоғамның педагогикалық және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, аудан жұртшылығымен және жастармен ынтымақтастығы. Жас ұрпақ білімімен қатар адалдықты, парасаттылықты, әділдікті және сенімді сақтауға тиіс. Парасаттылық ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы болып табылады, өйткені еңбекке, өзіне және қоршаған әлемге адал және сенімді қарым – қатынас-ел табысының басты факторы болып табылады.
12 наурызда Әулиекөл аудандық кітапханасында "Парасат жолы=Дорога добропорядочности" орталығының ашылуы өтті, оған қатысқандар: Ж.К. Алтынсарин - "NUR OTAN" партиясының Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; А.Б.Көбеков - Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысы; Ж.К.Тоқаева - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы; Н. М. Игіліков - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ директоры;Г. К. Нұржанова - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" ММ басшысының орынбасары, С.Ж.Серкебаева - "Әулиекөл аудандық ОКЖ" ММ директоры.
Кітапхана пайдаланушыларына арналған тұрақты түрде рәсімделген "Парасыз қоғам - ұлт болашағы" көрмесі ұйымдастырылды, көрмедегі басты орынға мемлекетіміздің Негізгі Заңы- ҚР Конституциясы, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы, адамзаттың ұлы әдеби естеліктері арасында ерекше орын алған Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" және т.б.қойылды.
Кітапханада жыл бойы адалдық, парасаттылық, әділдік, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтары жүйесін ілгерілетуге ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.Аталған іс-шараларда спикерлер өздерінің жеке өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қағидаттары, адал және таза еңбектің маңыздылығы және берекелі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы әңгімелейді.