Наурыз мейрамын мерекелеу күндері аудандық кітапхана тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, үлкен мерекелік іс - шара өткізді. Мереке «Сарыарқа» күйі ойналып, дәстүрлі «Шашу» шашумен ашылды. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіл біліміне конкурстық бағдарлама өткізілді. Конкурсқа «Ақ бота» бала бақшасының ұжымы қатысты. Қызметкерлер «беташар», «бесікке салу» қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, мақал- мәтелдерді кезекпен жатқа айтты, «Бесбармақ» және «Наурыз көже» ұлттық тағамдарын дайындады. Тамашасы да, қызығы да мол мереке соңы ақжаулықты әженің ақбатасымен қорытындыланды.