Кітап және авторлық құқық күніне арналған мерекелік бағдарлама

23 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасы «Кітап-даналық қазынасы» мерекелік бағдарламасын өткізді.

Мереке кітап ханшайымының қатысуымен театрланған қойылымда өтті, ханшайым кітапхананың барлық белсенді оқырмандарына ризашылығын білдіріп, ең көп оқитын отбасы Жарко, аудандық кітапханада кітапханашы ретінде 30 жылдан артық еңбек еткен, еңбек ардагері Г.Е.Шерстневаны марапаттады. Қария оқырмандар Е.Қабылов, К.Арыстановқа ерекше құрмет көрсетілді.  Мерекенің шарықтау шегі Тобыл толқындары» жинағының тұсаукесері болды. Жергілікті авторлар Абай Қажи мен Тоғайбай Бабыр альманахқа кірген жаңа туындыларын оқырмандарға ұсынды. Аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаз артистері Т.Ілімжанов пен Кішкінбаев отбасы триосы музыкалық нөмірлер сыйлады.  Мереке қызықты және мазмұнды өтті.