«Кітапханалардың көпшілік жұмысы: дәстүрлер мен заманауи технологиялар» аудандық семинары

 

11 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасында ауылдық кітапханалардың кітапханашыларының қатысуымен «Кітапханалардың көпшілік жұмысы: дәстүрлер мен заманауи технологиялар» аудандық семинары өтті. Кәсіби диалог пікір алмасу қағидаты, осы бағыт бойынша кітапханалардың жұмыс тәжірибесін ұсыну негізінде құрылды.

ӘББ жетекшісі Досалина Ж.М. көпшілік іс-шараларды дайындау кезінде қолданылатын «алтын ережелерге» назар аударды. ӘББ библиографы-Мукушова А.К. – «Кітапханашының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбын ашып. Семинар қатысушыларымен өздерінің шығармашылық идеялары мен атқарылған жұмыс көлемдерімен әріптестеріміз Нұржанова Ж. И. – Әулиекөл БК меңгерушісі, Амантаева Н. Ж. – Новонежин АК және Таипова Э. С. – Көктал АК  кітапханашылары бөлісті. Әріптестер ең тиімді іс-шараларды өткізу тәжірибелерін ортаға салды, олардың арасында виртуалды кітап көрмелері, квест ойындары, викториналар, библио Quiz сияқты интерактивті жұмыс түрлері көш бастап тұр.

Семинар соңында Әулиекөл ОКЖ директоры С. Ж. Серкебаева «Әуезовті оқимыз» республикалық байқауына қатысқаны үшін Аманқарағай АК кітапханашыларына, «Үнсіз кітап» облыстық байқауына қатысқаны үшін СизоненкоТ.Ю. –  Құсмұрын АК, Карбаева Г.К. – Аманқарағай БК, Шаймерденова Е. А. – Соснов АК кітапханашыларына  сертификаттар табыс етті.                                                                                                                            

Қатысушылар бұл семинар одан әрі жұмыс жасау барысына және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға оңтайлы болады деген пікір қалдырды.