Жыл сайын кітапханалардың өлкетану мазмұнындағы әдебиеттерді насихаттаудағы, өлкетану кітабына қызығушылықты арттырудағы, жергілікті авторлардың шығармашылық рөлі артып келеді. Әулиекөл ауданының жазушылары мен ақындарының өмірі мен шығармашылығын одан әрі дамыту мақсатында Әулиекөл аудандық кітапханасының қызметкерлері «Туған елім, тірегім Әулиекөл» өңірлік жобасы аясында Абай Қажидың «Жүрегімнің жарқылы» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шара жүргізушілері жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді, кездесуге қатысушылар жазушының әдеби шығармашылықпен қалай айналысуға шешім қабылдағаны және автордың «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Менің пірім - қазанаты қазақтың», «Дархан дала», «Мурка» сияқты кітаптары қалай жарық көргендігі туралы білді.
Кездесу жылы жағдайда өтіп,қатысушылардың көңілінен шықты. Олар Абай Хамитұлының өмірі мен шығармашылығы, оның өз туындыларына арналған шығарма желісінің қалай туындағаны туралы әңгімесін шынайы қызығушылық таныта отырып,зор ықыласпен тыңдады. Поэзияға жақын болу өте керемет, ал онымен байланысу өте тамаша құбылыс. Абай Хамитұлымен кездесу өте сәтті өтті, көптеген жағымды әсер қалдыра білді және көптеген жандар үшін таңғаларлық және әсерлі жаңалық болды! Біздің ақынымызды қолдау мақсатында Әулиекөл мәдениет үйінің көркемөнерпаздары келген болатын, Жумжумин Бауыржан, Қасымов Ерлан «Туған жер», «Қазақ осы», «Біздің елдің жігіттері» патриоттық әндерін орындады.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1007-abaj-azhidy-zh-regimni-zhar-yly-kitabyny-t-saukeseri.html#sigFreeId2b83f33d85