26 қаңтарда Әулиекөл аудандық кітапханасының кітапханашылары Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің оқушыларына  арналған   «Құрманғазы мұрасын ұрпаққа ұлықтау парыз  » сазды  сағатын өткізді.

Іс-шара барысында кітапханашылар Құрманғазы Сағырбаевтың музыкалық шығармашылығы мысалында ерекше музыкалық дарындылығымен, рухани поэзиясымен, нақты шешендігімен, отты күйлерімен және жанды әндерімен ерекшеленетін қазақ халқы туралы әңгімеледі.

Қатысушылар ұлы композитордың өмірбаяны мен шығармашылығымен қысқаша таныс болды. Мектептің домбырашылар триосы: Оразғали Сұлтан, Сағындық Нұрасыл, Ұлтан Санжар домбырамен «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлерін асқан шеберлікпен орындап берді.

Қорытындылай келе, Құрманғазы музыкасы сазгер  мен орындаушылардың көптеген ұрпақтары шабыт алатын мәңгілік тірі қайнар көзі ретінде қызмет ететіндігі туралы айтылды.