Жазушы Алла Гришукевичпен шығармашылық кездесу.

 

Жазушымен кездесу-бұл қызықты тәжірибе, жаңа кітаптар мен кейіпкерлермен танысу, шығармашылық мамандық туралы көбірек білу, сонымен қатар қызықты пікірталасқа қатысудың зор  мүмкіндігі –әсіресе  жазушы біздің жерлесіміз болса.

3 ақпанда Әулиекөл аудандық кітапханасында «Туған елім, тірегім Әулиекөл» өлкетану жобасы және «Парасат жолы» жобасы аясында шығармашылық зиялы қауым өкілі, жазушы, аудандық газеттің бұрынғы тілшісі, ақын Алла Леонидовна Гришукевичпен болған кездесуде оның «Далёкое близкое» жинағының тұсаукесері өтті.

Жиналғандар жазушының  өмірі мен шығармашылығы,  өз шығармаларының желісіне нені арқау ететіндігі туралы  әңгімесін шынайы қызығушылықпен тыңдай білді. Алла Леонидовна өзінің тегіне, өлеңдеріне, ертегілеріне арналған әңгімелерден үзінділерді оқыды. Іс-шара барысында кітапхана оқырманы Будин Сергейдің орындауындағы Алла Леонидовнаның сүйікті романстарының бірі «Виноградная косточка» шырқалды.

Шығармашылық кездесуге  қатысушылар   поэтессаның  әңгіме жазуға түрткі болуға бірден бір себебі оның шығармашылық қабілеттерінің  ерте ашылуына аса  қызығушылық танытты.

Ақынның кітабына арнап Әулиекөл ОКЖ директоры С. Ж. Серкебаева,педагогикалық еңбек ардагері  Н. С.Түтенбаева  өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  Г. Е. Аязбаева Алла Леонидовнаға сарқылмас шабыт, жаңа және жарқын шығармашылық нұрға бөлене беруіне тілектестік білдірді.

Қатысушылар үшін жазушымен кездесу  көптеген жағымды әсер қалдырып,  таңқаларлық және қызықты жаңалық болды!