«Қазақтың тұңғыш мәдениеті жасампазы » тарихи портреті

 

Биыл белгілі ғалым, публицист, мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың туғанына 125 жыл толады. Осы күнге орай Әулиекөл аудандық кітапханасында "Қазақтың тұңғыш мәдениет жасампазы"  тарихи портрет өтті. Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты.

Темірбек Жүргенов Қазақстанның әдебиеті мен өнерінің ғылымы мен білімінің дамуына зор үлес қосты, ол ұрпақтарға өзінің өшпес  ізін қалдыра білген нағыз ұлы адам.

Іс-шараның мақсаты: Т.Жүргеновтың өмірі мен қызметін, сондай-ақ оның елдің ұлттық мәдениетін жандандырудағы баға жетпес үлесі мен еңбектегі ерлігін насихаттау.

Іс шара барысында кітапханашы  Т.Жүргеновтың сол кездегі Қазақстанның ағарту және мәдени құрылысы мәселелеріндегі идеялары мен жоспарлары, қоғамның өркендеуі мен гүлденуіне ұмтылуы, қазақ тілінің дәстүрінің тарихи шарттылығы мен бірегейлігін мойындау туралы  айтып берді және Т. Жүргеновтың өмірі мен қарапайым тағдыры туралы фильм көрсетілді.