Жазда балалар кітапханасы бос уақыт пен шығармашылықтың өзіндік орталығына айналады. Сондықтан жұмыс барысы  балаларға қуаныш әкелетіндей ұйымдастырылуы  керек. «Жазғы оқу – бұл шытырман оқиғалар» жобасы аясында Әулиекөл ауылының орталық саябағында Әулиекөл балалар кітапханасында «Жазғы оқудың  сәулелі алаңы» кітап лабиринті өткізілді. Балалар таңғажайып "ертегілер әлеміне" саяхат жасады, онда викторина сұрақтарына жауап бере отырып, балалар кейіпкерді танып қана қоймай, ол бейнелеген ертегінің атын  атады. Пікірталас, кейіпкерлерді, ертегілердің атауларын сұрыптау арқылы осы керемет оқиға желісін еске түсірді. «Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер әлемінде» жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер жиналды, музыка әлемінде балалар «Музыка білгірлері», «Әуенді тап» ойындарын аса қуанышпен  ойнады. «Ойындар әлемі»лабиринтінде спорттық ойындар мен конкурстар қызықты өтті, ал «Мерзімді басылымдар әлемінде» журнал беттерінен қызықты және тең ребустар, сөзжұмбақтар шешті. Мереке танымдық, шулы және көңілді  күймен өтті.