28 тамызда Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында Әулиекөл ауданы ТЖБ қызметкерлерімен мерекелік кездесу өтті, оны кітапхана қызметкерлері алдағы мерекеге Қзақстан Республикасының Конституция күніне арнады.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері еліміздің барлық азаматтарына бірге өмір сүруге, жұмыс істеуге және демалуға мүмкіндік беретін ережелер мен міндеттер жиынтығымен негізгі заңның маңыздылығы туралы айтып берді. Еліміздің бас кітабы туралы айтылды, Конституцияның халқымыздың бақытты өмір сүруіне кепілдік беретін негізгі баптары келтірілді.
Құрметті орында қонақтардың назарына «Ата Заң-Азат елдің Ар-намысы!» кітап көрмесі ресімделді. Көрмеде Қазақ мемлекетінің қалыптасуы, қазіргі Қазақстан туралы кітаптар мен Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні ұсынылған. Іс-шара презентациямен және түрлі-түсті бейнелермен сүйемелденді. Құқықтық сағат Әулиекөл балалар кітапханасының жас оқырмандарының орындауында өлең оқумен аяқталды
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1084-28-tamyzda-uliek-l-audandy-kitapkhanasyny-o-u-zalynda-uliek-l-audany-tzhb-yzmetkerlerimen-merekelik-kezdesu-tti-ony-kitapkhana-yzmetkerleri-alda-y-merekege-za-stan-respublikasyny-konstitutsiya-k-nine-arnady.html#sigFreeIdbec319149d