Кітапхана қоры - кітапхана қызметінің өте маңызды негізі. Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі ғана емес, сонымен қатар пайдаланушылардың кітапханаға деген көзқарасы, оның беделі қордың мазмұны мен сақталу сапасына байланысты.
28 тамызда Әулиекөл аудандық кітапханасында «Кітапхана қорларының сақталуы» аудандық семинары өтті. Іс - шараны ұйымдастырушы және жүргізуші жинақтау бөлімінің кітапханашысы Сакауова Ә.Б. Семинарға 24 ауылдық кітапханалардың кітапханашылары белсенді түрде қатысты.
Семинар барысында кітапханалардағы құжаттардың сақталуы мен қауіпсіздігі мәселелері ашылып, алдын алу іс-әрекеттері, қорларды гигиеналық және дезинфекциялық өңдеу бойынша әдістемелік және тәжірибелік ұсынымдар берілді. Семинар жұмысын қорытындылау кезінде көптеген сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар алынды, жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылардың пікірінше, семинар өте пайдалы және ақпараттық болып шықты, қорды сақтаудың теориялық мәселелерін түсініп қана қоймай, сонымен қатар айтарлықтай тәжірибелік маңызы зор болды.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1086-kitapkhana-orlaryny-sa-taluy-audandy-seminary.html#sigFreeIdcf60d4868d