Әулиекөл ауданы кітапханаларының жұмысындағы экологиялық сауаттылықты насихаттау, балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің экологиялық білім деңгейін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Жас ұрпақтың туған өлкесіне деген қызығушылығын арттыру, «Туған елім, тірегім Әулиекөл» кітапханалық өлкетану жобасы аясында кіші отанына деген сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында Әулиекөл аудандық кітапханасының кітапханашылары «Жеті көлдің шетінде» экологиялық репортаж өткізді. Іс - шараға «Жасыл Ел» еңбек жасағы қатысты. Іс - шара барысында Әулиекөл ауданының құрылу тарихы, өлкеміздің табиғаты туралы айтылды. Қатысушыларды «Әулиекөлдің қасиетті көлі» туралы аңыздар, археология ескерткіштері, емдік және киелі қасиеттері бар орындар, Әулиекөл ауданында орналасқан қасиетті қорымдар туралы ақпарат қызықтырды. Іс - шараның негізі біздің өлкеміздің қоршаған ортасын сақтау мәселесін талқылау болды. Әркім өз көзқарасын білдіріп қана қоймай, осы тақырып бойынша өз ұстанымын білдіргісі келді. Іс - шараны қорытындылай келе жер бетіндегі тіршілікті сақтау үшін табиғатты сүю, аялау, қорғау қажет деген тұжырымдама жасалды.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1178-zheti-k-ldi-shetinde-ekologiyaly-reportazh.html#sigFreeIdd4bb7cbfd1