11 қыркүйекте Юльев ауылдық кітапханасында 1 және 3 сынып оқушыларына «Кітапханамен таныстыру» саяхаты өткізілді. Балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады, олардың «жолбастаушылары» ертегі кейіпкерлері болды: Алдар Көсе, Ер төстік және дана қыз. Біз кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстық, кітаптармен қалай жұмыс істеу керектігін, олар не үшін және кітаптар қалай жасалғанын білдік. Іс - шара барысында балалар кітапханаға қалай жазылуға болатыны, «абонемент», «оқу залы» деген не және олар қалай ерекшеленетіні туралы білді. Сондай - ақ, кітапханашы балаларға кітаптарды қалай дұрыс таңдау керектігін және қандай принцип бойынша кітаптар кітапханада орналасқанын айтып, кітапханадағы тәртіп ережелерімен және кітаппен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Іс - шара соңында «Сиқырлы себет» әдеби викторинасы өткізілді, онда балалар әдеби кейіпкерлерге заттардың тиесілігін үлкен қызығушылықпен болжап, ертегілер мен авторлардың аттарын атады. Іс - шараның мақсаты: кітапханамен танысу, кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру, кітапхана кеңістігін бағдарлай білу, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1182-kitapkhanamen-tanystyru-sayakhaty.html#sigFreeId17c6a4c6b3