8 мамыр күні Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Аманқарағай ауылдық кітапханасы – коворкингте «Отты жылдар – мәңгілік жады» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы тарихи жадыны сақтау және жас ұрпақтың бойында Отан қорғаған жауынгерлерге деген алғыс сезімін қалыптастыру.Іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған естелік әні – «Журавли» («Тырналар») реквием әнімен басталды. Авторы Расул Ғамзатов қаза тапқан жауынгерлерді көкте тізіліп ұшқан тырналарға теңеген. Ән орындалу барысында «Біздің тарихымыз. Біздің жадымыз. Біздің Жеңісіміз!» атты презентация көрсетілді.Кітапханашылар оқушыларды Отан үшін жасалған ерлік пен жанқиярлық туралы баяндайтын, халқымыздың қаһармандығы мен батырлық істерін суреттейтін кітаптармен таныстырды. Соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әңгімелер еске алынып, ауданымыздағы және мектебіміздегі соғыс батырларының есімімен аталған көшелер мен білім ордасы туралы айтылды.Іс-шара соңында қатысушылар «Соғыс әліппесі» атты әскери викторина сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпаққа тарихи оқиғаларды ұмытпауға, батырлардың ерлігін құрметтеуге, өз отбасын шынайы сүюге және өмірдегі бар жақсы нәрсені бағалай білуге тәрбиелейді.