5 қыркүйек күні «Отбасылық оқу» жобасы аясында Аманқарағай балалар кітапханасында «Отбасы сүйіспеншілікпен берік» атты отбасылық оқу байқауы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы әдеби кейіпкер бейнесінде балаларға мерекенің тарихы туралы айтып, отбасылық құндылықтар мен туған-туыстарды біріктіретін ізгі дәстүрлер туралы әңгіме өрбітті.Шара қонақтары түрлі ойындарға, байқаулар мен викториналарға белсенді қатысты. Жас оқырмандар отбасы және отбасылық құндылықтар туралы жұмбақтарды шешіп, «Ең жылдам», «Көлік», «Біз – оқырманбыз», «Әнді тап», «Сурет бойынша тап», «Ертегілердегі сандар» атты викториналар мен байқауларға қатысты. Сонымен қатар «Ромашка» ойыны ұйымдастырылды.
Соңында қатысушылар отбасы – әр адам өміріндегі ең басты құндылық деген қорытындыға келді. Отбасында адам сүйіспеншілікті, қамқорлықты және өзара сыйластықты үйренеді.Отбасылық оқу байқауы ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/1368-aman-ara-aj-balalar-kitapkhanasynda-otbasy-s-jispenshilikpen-berik-atty-otbasyly-o-u-baj-auy-tkizildi.html#sigFreeId230fddc052










