13 қазан күні Новоселов ауылдық кітапханасы мен Новоселов жалпы білім беретін мектебінің кітапханасы бірлесіп, 4–6 сынып оқушыларына арналған «Кітап – білім бұлағы» атты кітапханалық сабақ өткізді.Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапхананы дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру, кітапты дұрыс таңдап, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беріліп, кітаптың білім мен тәрбиенің негізгі көзі екені айтылды. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, білім деңгейі артып, дүниетанымы қалыптасатыны түсіндірілді.
Оқушыларға кітаптың құрылысы: мұқабасы, титулдық беті, мазмұны, авторы және кітаптың атауы туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы балалар әдебиеті, ертегілер, энциклопедиялар, танымдық және көркем шығармалар таныстырылды.Іс-шара барысында «Кітапты қалай дұрыс таңдаймыз?», «Кітапты қалай күтіп ұстаймыз?», «Кітапханада өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің сүйікті кітаптары мен оқыған шығармалары туралы әңгімеледі.
Кітапханашылар кітапты таза әрі ұқыпты ұстау, кітапхана ережелерін сақтау, бос уақытты тиімді пайдалану және кітап оқуға көңіл бөлу жөнінде кеңестер берді.
Бірлесіп өткізілген іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.
-
-
-