Аудандық кітапханада кітапханашылардың біліктілігін арттыру аясында  жыл сайынғы дәстүрге айналған тәжірибе алмасу Күні өтті. Семинарға қатысушылар өзінің идеяларын ұсынып, кәсіби пікірлерімен алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті, іс-шара ұйымдастыру мен өткізу барысында, библиографиялық  құралдар мен көрмелерді безендіруде тәжірибелік ұсыныстар ұсынды. 

 

«Кітапхана – шектеусіз аймақ»   атты өз жұмысы туралы Москалев ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы Пиманова Т.Н. баяндады. Бұл кітапхана ЖШС-мен, аул мектебімен, АМҮ, ауыл белсенділерімен тығыз қарым-қатынас жасайтындығын атап өткенді жөн көрдік.

 

Көшпелі іс –шаралар, яғни бұл аудан орталығына, облыстық және аудандық мұражайларға, Қостанай облыстық кітапханаға, ЖШС цехтарына шығып шаралар өткізу бұл үлгілі кітапхана жұмысындағы  жаңа жаңалық болып қалыптасты. Тимофеев ауылдық кітапханасының кітапханашысы   Г.М. Жамахинаның  жастарды патриотизмге тәрбиелеу бойынша тәжірибесін әріптестері жоғары бағалады.Оның тақырыбы  «Краеведение как фактор воспитания духовных основ патриотизма в пространстве малой родины» болды. Көктал ауылдық кітапханасында  «Рухани жаңғыру » Бағдарламасы аясында  «Атамекен»  жастар клубы бар.

 

Оның  негізгі мақсаты жастарды  өнегелік идеяларына сүйене отырып, ұлттық тарих және мәдени мұраға жетелеу. Тарихи-өлкетану мұрасын дәріптеудегі кітапханалар түрлері туралы Чернигов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Лящук Т.Н. айтып өтті. Басты сөзді Соснов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шаймерденова Е.Н.  «Заманауи кітапхана-заманауи оқырманға» атты ақпараттық-библиографиялық жұмысын- пайдаланушыларға арнады. Өздерінің Қостанай облысының жас кітапханашыларына арналған І слетінен алған әсерлерімен  аудандық кітапхананың әдіскері Досалина Ж.М. және Аманқарағай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұғманова Ж.С. бөлісті.Кітапханашылар семинардың мазмұндылығын жоғары бағалап,кәсіби тәжірибе алмасудағы  алған мүмкіндіктеріне ризашылықтарын білдіріп,әріптестеріне  шығармашылық шабыт пен идеяларына табысты жүзеге асырылуларына тілектестік білдірді.