2018 жылы 28 қарашада Тимофеев ауылдық кітапханасында Тимофеев орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз ұлы даланың тарихына қатыстымыз» жастармен диалог жүргізілді. ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласына аса зор назар аударып,пікірталасқа  қатысушылар  мақаланың жеті бөлімін өздері оқып шықты.Қатысушылар өзекті мәселелерді қозғап,жеке көзқарастарымен өз  пікірлерін ортаға салып,белсене ат салысып отырды.

 

Кітапханашы  Жамахина Галия Максутовна  Қазақстанның өлкетанулық және зерттеу қызметіне  шабыт беретін алты нақты  жобаларымен таныстырды. Іс-шара қатысушыларына «Ұлы даланың жеті қыры» - «Семь граней Великой Степи» кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің тұжырымдамасындағы Қазақстаннның шексіз даласының идеясы,тарихы мен мәдениетінің бастауы мен осы уақытқа дейінгі кайнар көздері Президенттің мақаласына сай келеді. Іс-шараның мақсаты азаматтылыққа,қазақстандық елжандылыққа,өз Отанының тағдырына жауапты болуға қалыптастыруға ықпал жасау болып табылады. Қазіргі жастар еліміздің тарихын зерделеуге, салт-дәстүрлерін сақтауға, ата-бабаларымызды құрмет тұтуға,  қоғамдағы өз тұлғасын сезіне білуге міндетті екендіктерін әрдайым есте сақтауға тиісті.Іс –шара әдебиеттерге шолу жасаумен аяқталды. Қатысқандар көрменің өзектілігіне,әрленіміне, сондай-ақ кітапхананың  ізгі ниетті, жайлы атмосферасына куә болды.Қатысқандар 27 адам. Кітапханаға 3 жаңа оқырман қосылды.