12.02.2019


2019 жылғы  15 ақпанда –Ауғанстанның кеңес әскерінен шығарылуына – 30 жыл. Жоғары рухтылық,жанкештілік,жауынгерлік борышын орындауда батырлық танытқандарға құрмет көрсету мақсатында  Аманқарағай ауылдық кітапханасының кітапханашылары  «Ауғанстан естелік пен күйзеліс» патриоттық сағатын өткізді. Мақсаты: елімізден тысқары  жерлерде соғысқан, туған жерге деген  шынайылық   танытып, әскери антын адал орындаған жауынгер-интернационалистерді еске түсіру. Бұл соғыс адамзаттың өмірінен ешқашан ұмытылмақ емес, себебі оның тарихы аналардың көз жасымен,жауынгерлердің қандарымен жазылған.


Іс-шараға өнер мектебінің және БЖСМ спортшылары шақырылды. Іс-шара экранда көрсетілген А.Розенбаумның «Чёрный тюльпан» сазды композициясымен  басталды. Кітапханашылар Ауған соғысындағы тарихи  оқиғаларын айтып берді. Олар сондай-ақ жерлестеріміздің қаһармандығы, тұрақтылығы мен батылдығы, аудан  соғысында алған  марапаттары туралы айтып берді. Іс-шара біздің жерлес - ауғандықтар туралы электронды тұсаукесер  және Ауған соғысы туралы әндердің клипі  аясында өтті. Кездесу соңында қонақтар кітапханашыларға  жантебірентілік өте  әсерлі, іс-шара ұймдастырғандары  үшін шексіз  алғыстарын  білдірді. Сондай-ақ «Ауғанстан естелік пен күйзеліс» кітап көрмесі ұйымдастырылды,оған Ауған соғысына қатысқан жауынгер жерлестеріміздің фотолары: Ю.В.Ерошенко, Е.А.Нургалиев, С.К.Бураншин, В.И.Кравцов, П.В.Скопец, В.Г.Калинин, Н.Ушаков және мерзімдік басылымдар мен әдебиеттер қойылды. Қатысқандар 18 адам.