Қазіргі қазақстандық авторлардың шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында 27 наурызда Әулиекөл аудандық балалар кітапханасында VI облыстық «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау ұйымдастырушылары "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ және Әулиекөл аудандық балалар кітапханасы. Биыл байқау "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізіліп, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған. Бұл байқау - 12-13 жас аралығындағы балалар арасында заманауи қазақстандық жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқу бойынша жарыс. Байқаудың аудандық кезеңі аудандық балалар кітапханасында "Әулиекөл" газетінің тілшісі Ж. Сыздыкова, Әулиекөл бастауыш мектебінің мұғалімі Г. К. Нысанбаева, И. Н. Будина ОК қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы қазылар алқасының ретінде қатысуыменен салтанатты түрде өтті. Барлық қатысушылар жеңіске лайық және ешкім марапатсыз қалған жоқ. Бөлебай Диас Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушысы "Мұра" номинациясына ие болды. "Әртістік шеберлігі" номинациясы бойынша С. Баймағамбетов атындағы мектеп - гимназиясының оқушысы Сейдахметова Саяна марапатталды. №2 Аманқарағай орта мектебінің оқушысы Салымбай Мадина "Үздік бейне" номинациясы бойынша марапатталды. 2 орынды Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушысы Ерадилова Аружан иеленді. 3 орынын иесі Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушысы Орынбекова Алтынай болды. Нәтижесінде барлық ұпайлар бойынша Бағаналы негізгі мектебінің оқушысы Маслова Юлия жеңімпаз атанды. Юлия А. Шынбатыровтың "Жазғы демалыс" шығармасын мәнерлеп оқыды. Ол 2019 жылы 24 сәуірде өтетін байқаудың облыстық кезеңінде біздің ауданымызды таныстырады. Біз жеңімпазды құттықтаймыз және оған облыстық конкурста жеңіс тілейміз. Барлық номинанттар мен қатысушылар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатсушылардың қол жеткізген жетістіктеріне тоқтап қалмай, көркемдік сөзді құрметтейтін балалардың саны көбейіп, әдебиетке деген сүйіспеншілігі әлсіремейді деп үміттенеміз.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/426-s-z-direti-atty-m-nerlep-o-u-baj-auy.html#sigFreeIde27c0f9812