«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылына орай Құсмұрын ауылдық кітапханасы жас поэтесса, Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер Ассоциациясының мүшесі, «Қанаттар» жастар поэзиялық қауымдастығының мүшесі Яна Федоровичпен кездесу өткізді.Тұсаукесер «Туған жер» кітапханалық жобаның аясында оның алғашқы «Идем смотреть на звёзды» жинағынан басталды.
Мақсаты: жас таланттарды қолдау және дамытуға ықпал ету.Яна Федорович Құсмұрын ауылының тумасы,жан-жақты талант иесі,Қостанай қаласынынң №5 мектеп-гимназиясында мұғалім.Жеке әндерінің авторы және орындаушы.Оның кітап оқуға,әдебиет және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға көп ықпал жасаған оның анасы Федорович Лариса Николаевна Құсмұрын ауылдық кітапхананың кітапханашысы.Кітапханашылар Яна Федороичтың өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырып өтті.Я.Федоровичтың «Идем смотреть на звезды» проза және өлеңдерден құралатын екі бөлімнен тұрады.Автордың орындауында «Не топи в моём сердце лёд», «Идём смотреть на звёзды», «Кушмурун», «Сегодня небо звёздное», миниатюра «Эспрессо», прозалық шығарма «Не забывай мечтать» шығармалары орындалды. Яна Николаевна : «Je veux» - француз тілінде, «Follow me» - ағылшынша, «Алтыным менің» -қазақ тілінде және өзінің жеке алғашқы «Звёздная ночь» әнін орындады. Яна Федорович Құсмұрын ауылдық кітапханасына, №121 және №28 орта мектептің кітапханаларына, өзінің білім алған №121 орта мектептің ұстаздарына кітабын сыйға тартты.Қатысқандар 160 адам.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/428-debi-tanysu.html#sigFreeIdd647057b03