Жастармен тиімді жұмыс - біздің заманымыздың басты  міндеттерінің бірі. Қазақстан жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының стратегиясын ескере отырып, кітапхана жас оқырмандармен жұмыс істеудің тиісті, басым бағыттарын құруға ұмтылады.

       

Бәрімізге белгілі, Тұңғыш Президент  Н.Назарбаев  халыққа Жолдауында 2019 жыл- Жастар жылы ретінде жариялаған болатын. 4 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасы «Әулиекөл – асыл өлкем»  жобасының аясында жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, «Өнерлі, белсенді, жігерлі жастар» диалог алаңын өткізді. Ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен кездесуге түрлі салада еңбек етіп жүрген жастар шақырылды. Іс-шара диалог түрінде өтті, басты кейіпкерлер әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған жастар ұйымының жетекшілері болды, олар өздері туралы және олардың қызметі туралы айтып берді. Көрермендер алдында мәдениет үйінің жастары музыкалық нөмерлерімен өнерлерін көрсетті.

 

Іс-шараға  «Білімді жастар - жарқын болашақтың кепілі»  кітап көрмесі ұйымдастырылды,соңынан шолу жасалды. Қатысушылар үшін ақпараттардың басым бөлігі көптеген қызықты жаңалықтар болды, жиналған қауым жағымды әсермен тарқасты.

        

Іс-шара мақсаты: отансүйгіштікке,өз еліне деген  азаматтық борыш пен сүйіспеншілік сезімге баулу,шағын Отанын мақтан тұтуға тәрбие беру.