19 сәуірде Юльев ауылдық кітапханасы белсенді оқырмандардың қатысуымен Жастар жылына арналған «Біз – оқитын жастармыз» атты флешмоб ұйымдастырды. Флешмоб кітапхана мен ауыл мектебінің қабырғасында үлкен үзіліс кезінде өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оның мәдени маңыздылығын және жеке зиялылығын қалыптастыру. Флешмоб «Тінтіуірді таста, кітапты ал!» ұранымен өтті. Қатысушылар мына құлақтандырулар және оқырмандардың ұрандарын оқыды: Оқитын адам – табысты адам! Бәрін білгің келеме? Досыңды ал – кітапханаға бар! Кітап оқы – тұлға бол! Жастар – кітаптар – зият! Компьютерде – ақпарат, ал кітапта – рух. «Біз жастар – Қазақстанның болашағымыз! Біз – белсенді оқырманбыз! Кітапханаға біздің ауылымызды шақырамыз! Флешмоб оқырмандарды таң қалдыратын элементтерімен кітапханаға тартты, 6 адам тіркелді. Кітапханада оқырмандардың, әсіресе жастардың зор сұранысына ие болған ең танымал жанрдағы кітаптар ұсынылған «Әдебиет - ұлт пен мәдениеттің рухани негізі» көрме ұйымдастырылды.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/438-biz-o-ityn-zhastarmyz-fleshmobi.html#sigFreeId8cca2b4b7d