13.05.2019


9 мамырда орталық алаңда Құсмұрын ауылдық кітапханасы «Соғыс. Халық. Жеңіс = Война. Народ. Победа» көрме-шолу ұйымдастырды.


Көрменің мақсаты: соғыс туралы,кеңес халқының  дүниежүзілік тарихи маңызы туралы естелікті сақтау. Онжылдықтар өткен сайын  бұл жеңістің бізге қандай бағамен келгенін тереңірек  ұғынудамыз. Ұлы Отан Соғысына қатысқан  барлық ардагерлеріне біз басымызды иіп тағзым етеміз. Ұрыстарда көрсеткен қайсарлығы, олардың теңдессіз ерлігі үшін алғысымыз шексіз. Құсмұрындықтар мерекені шерумен, жауынгерлердің әскери даярлық қойылымдары және концерттік бағдарламамен қарсы алды. Осы тақырып бойынша кітапхана қорыннан ең үздік басылымдар ұсынылды.

Қатысқандар - 134 адам.