30 шілдеде аудандық кітапхананың Диалог клубынының зағип және нашар көретіндерге арналған   қоғамының мерейтойлық «50 жыл - бірге!» атты мерекелік кездесуі өтті. 50 жыл - аз уақыт емес.

 

Сондықтан, қызықты, ынталы, сүйіспеншілікке толы өмірге құштар жандарды біріктіретін «Диалог» клубының құрылуыда жай емес еді. Мерекелік бағдарламаны ашқан іс-шара жүргізушілер клубтың байырғы мүшесі және Қостанай зағиптар қоғамының төрайымы  С.С. Сибильге сөз берді, ол клубтың қалай ашылғаны туралы және қоғамның өмірімен қысқаша таныстырып өтті. Қатысушылардың  әрқайсысы клубқа  қалай келгендерін, клубтың алғашқы отырысы туралы естеліктерімен бөлісіп, бұл жерге оларды қайта-қайта келуге не ықпал еткендігі туралы, оларға қалай назар аударылғандығы жайында әңгіме өрбітіп отырды. Барлығы қоғамның алғашқы төрайымы   және ұйымдастырушы   М.Я. Зайцеваны жылы және ізгі сөздермен естеріне алды.  Мерекелік кездесуге Қостанай қоғамының басшысының орынбасары Қасымов Мүслім Ғалиасқарұлы және ұйымның мүшелері В.И. Браковенко және С.В. Ершова шақырылды. Арнайы аудандық әкімшіліктен тұрғындарды  әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілі Б.К. Миргалиева, Нұр Отан партиясының өкілі Г.А. Дарбаева және ресурстық орталықтың басшысы А.К. Есмағамбетов қатысты. Қонақтарға арналған музыкалық нөмірлер орындалды. Клуб мүшелері Әулиекөл аудандық кітапханасындағы жанға жайлы атмосфера және өткізілетін  қызықты  іс-шараларды атап айтты. Қатысушылар клубтың одан әрі гүлдене беруіне, қызықты кездесулердің жалғасын таба берулеріне тілектестіктерін білдірді. Қатысқандар - 45 адам.