3 тамызда Құсмұрын ауылында күні бойы Құсмұрын ауылының 80 жылдығына және Теміржол көлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің фойесінде «Құсмұрын – асыл мекенім = Кушмурун - мой драгоценный край» кітап көрмесін дайындап, өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмге, өз Отанына деген мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, өлкетану туралы білімдерін тереңдету, мәдени деңгейін көтеру. 1939 жылы 7 мамырда Семиозерный ауданының «Кең-Жатқан» колхозынан алты шақырым жерде адамдардың шағын тобы пайда болды. Олар шатыр құрып, қазық қағып, жер учаскелерін өлшеп, жоспарлар мен сызбалар туралы кеңес құра бастады. Көп ұзамай тым-тырыс жатқан далада балта, көліктердің дыбысымен және құрылыс материалдарын әкелетін арбалардың үнімен қайта жаңғырды. Бұл жерге коммунистер мен комсомол мүшелері Қазақстанның қалалары мен ауылдарынан Компартия Орталық Комитетінің тапсырмасы бойынша келе бастады. Әлі географиялық картада белгіленбеген ауыл бой көтере бастады. Кең далада бой түзеп жатқан ауыл құрылысымен қатар, Ақмола-Карталы темір жолының механикаландырылған төселуі қарқынмен жүргізіле бастады. Картада болашақ магистраль «Құсмұрын станциясы» болып белгіленді. Көрме екі бөлімнен тұрды: «Менің отаным – Қазақстан = Моя родина – Казахстан» және «Құсмұрын тарихы = История Кушмуруна». Бірінші бөлімде біздің еліміз, Тұңғыш Президент, Шоқан Уәлиханов туралы кітаптар ұсынылды. Екінші бөлімде Құсмұрын туралы жазылған газет мақалаларынан тұратын: «Құсмұрын тарихы», «Құсмұрын бекетінің теміржол ұйымдары: тарихы және дамуы» «Құсмұрындылықтар – ҰОС ардагерлері», «Құсмұрын 80 жыл – Кушмурун 80 лет», «Шағын Отанға үлкен махаббат = Малая родина – большая любовь», «Жастар – біздің болашағымыз = Молодёжь – наше будущее» папкалар қойылды. Құсмұрын туралы поэзиялар: Зинаида Чумакованың кітаптары және Яны Федорович жинағы, стихотворение Ермолдина Алма Кабжановнаның өлеңдері ұсынылды.
Кітапхананың оқу залында басқа да іс-шаралармен қатар шахматтан турнир өткізілді. Жарысқа Құсмұрын ауылының және ауданның ауылдарынан келген қонақтар қатысты.
Көрмеге 180 адам келді.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/470-sm-ryn-asyl-mekenim-kushmurun-moj-dragotsennyj-kraj-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId3416154111