24 қыркүйекте Тимофеев ауылдық кітапханасында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Шабыт берген туған елім» «Край вдохновенный» жоспары жүзеге асырылуда.
«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында «Туған ел» = «Родная земля» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың отансүйгіштік пен елжандылық негіздерін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін, Отанды, оның табиғатын, салт-дәстүрін сүю мен құрметтеуге тәрбиелеу; қазақ ақындарының шығармаларына деген қызығушылықты, ұлттық көркем әдебиетке қатыстыруға құштарлықтарын арттыру. Байқауға Тимофеев орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары қатысты. Дәстүр бойынша байқау Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды. Қазылар алқасының құрамына: Тимофеев орта мектебінің мектеп алды мұғалімі Доскалиева А.М., ағылшын тілі мұғалімі Е.Т.Исмагулова кірді. Оқушылар байқауға сәл қобалжумен қатар,өте зор құлшыныспен қатысты. Қазылар алқасының мүшелері тақырыпты, сөйлеудің мәнерлілігін, дұрыс әдеби дыбысталуын,өзін көпшілік алдында қалай ұстай алатындығын ескерді. 1 орынды Ыдырыш Елимай, 2 орынды Ислам Асылжан, 3 орынды Ахметжан Бағытжан иеленді,қатысушылардың барлығы номинация бойынша марапатталды. Байқауға қатысқан оқушылар саны 10. Іс-шараға қатысқандар 28 адам. Байқау жоғары деңгейде өтіп, әр оқушының есінде ұмытылмастай із қалдырды. Бұл жұмыстың нәтижесі - Қазақстан, елжандылық, табиғат , ана мен отбасы туралы іріктеліп алынған өлеңдердің жиынтығы болды. Оқушылардың шебер орындауы келген қонақтарды барынша баурап алды. Байқауға өте жақсы дайындықпен келген оқушылар өздерінің шеберлігі мен ерекшеліктерін көрсете білді.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/569-tu-an-el-rodnaya-zemlya-m-nerlep-o-u-baj-auy.html#sigFreeIdc884b29cf5