Қазіргі уақытта егде адамдар - қоғамның ең әлеуметтік қорғалмаған  топтар санатына жатады. Қарт адамның өмірін лайықты, белсенділігі мен қуанышын қалай ұлғайтуға, оны жалғыздық сезімінен қалай арылтуға, қарым-қатынас жетіспеушілігін жоюға, қажеттіліктері мен мүдделерін қалай қанағаттандыруға болады -  қазіргі уақытта осы және басқа да мәселелер  бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

 

Осы орайда кітапхана көмекке келеді. Қазан айының алғашқы күндерінде Әулиекөл аудандық кітапханасында Халықаралық қарттар күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды. Қарттар күні - бұл біз үшін өте қымбат, әрдайым  назарымыздан тыс қалмайтын  ата-анамыз бен  ата - әжелеріміздің мейірімге толы  және жарқын мерекесі. 2 қазанда   «Дәстүр» клубының қатысушыларына арналған   «Қарттарым асыл қазынам» ойын-сауық бағдарламасы өтті.Іс-шара клуб жетекшісінің орындауындағы «Асыл әжем» музыкалық нөмірімен басталды. Одан соң кітапханашы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, қатысушыларға  мерекенің шығу тарихы туралы айтып берді.  Мерекелік бағдарламада  түрлі сайыстар өткізіліп, әндер шырқалды. Қонақтарды құттықтауға аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары да келді.Іс-шара барысында  Әсем Қажиева шара барысында домбыраның сүйемелдеуімен  көптеген әндер орындады.      Бағдарламадан кейін кеш қонақтары мерекелік дастарханға шақырылды. Дастархан басында өзара   емін-еркін сөйлесіп, жас кездерін еске алып,өздерінің сүйікті әндерін шырқады. Клуб мүшелері құрмет пен қамқорлық сыйлаған осындай керемет мерекеге ризашылықтарын білдірді.