Әулиекөл ауданының тарихы  даңқты істерімен  есімдері танымал болған   адамдарға толы. Ауданға әйгілі  есімдер саны көптеп саналады.

Әулиекөл аудандық ОКЖ Социалистік Еңбек Ері, Ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер, Семозерный ауданының Құрметті азаматы Қабидолла Қобланұлы Тұрғымбаевтың  90 жылдығына арналған іс-шаралар циклдары басталды. Қабидолла Тұрғымбаевтың өмірі мен қызмет жолы  әулиекөлдік- жерлестер  арасында ерекше құрметке ие екендігін атап өткім келеді,  оның  туған өлкенің  гүлденуі мен дамуына қосқан үлесі аса зор екендігі баршамызға аян. Өзі ұзақ уақыт өмір сүріп,еңбек еткен туған ауылына Қ.Тұрғымбаевтың   есімі берілген, сондай-ақ Әулиекөл аудан орталығындағы бір көшеге  Социалистік Еңбек Ерінің есімі берілді. Тұрғымбаев Қабидолла Қобланұлы 1930 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы Семиозер ауданы Первомай ауылдық кеңесінің Лукьяновка ауылында колхозшы отбасында   дүниеге келген. 1948-1951 жылдары   Первомай ауылдық кеңесінің бірінші хатшысы болды.1952 жылы Кеңес әскері қатарынан оралған соң, Диев  совхозының  бөлімше  басқарушысы болып тағайындалып, 1960 жылға дейін қызмет жасады. 1960 жылы Қ.Қ.Тұрғымбаев жаңадан құрылған  «Целинный » совхозына директор болып тағайындалады. Осы ірі шаруашылықты 20 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз басқарып, өзі   басқарған совхозды тек аудан,облыс,республика ғана емес,бүкіл одақ бойынша алдыңғы қатардағылар санына қосты. Оның күш-жігерінің арқасында аз уақыттың ішінде  жапан далада барлық экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымы бар заманауи агроқалашық бой көтерді. Оның басшылығымен совхоз әрдайым егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің адал  еңбегі  үшін Қ.Қ.Тұрғымбаев   «Ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер » атағына  ие болды.1980 жылғы желтоқсан айынан бастап 1991 жылға дейін Семиозер аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Ерен еңбегі үшін Қ.Қ.Тұрғымбаев Ленин ордені (1967), Еңбек Қызыл Ту ордені (1971),  «Октябрь революциясы » (1977) сияқты бірнеше жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған. 1980 жылы мемлекетке миллиард пұт астық сатудың жоспарлары мен социалистік міндеттемелерін және ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің және сатып алудың оныншы бесжылдық жоспарын асыра орындаудағы ерекше жетістіктері үшін Қабидолла Тұрғымбаевқа  «Социалистік Еңбек Ері » атағы беріліп,   «Ленин» ордені мен   «Орақ пен балға» алтын медалімен марапатталды (1981 ж.).

 

Тұрғымбаев ауылдық кітапханасында  «Біздің ауылымыздың өз тарихы бар» танымдылық сағаты өтті. Мақсаты: жас ұрпақты патриоттық, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікке, тарихи өткенді құрметтеуге тәрбиелеу. Ауылдың тарихына және қаһармандарына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.Сондай-ақ қатысушылар назарына   «Біздің ауылымыздың өз тарихы бар» көрме ұсынылды, мұражайды аралады  және іс шара соңында   біздің ауылға есімі берілген, ауылшаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер және Социалистік Еңбек Ері Қ.Тұрғымбаев туралы «Біздің заманымыздың батыры» атты  ақпараттық бүктемелер таратылды.

Бағаналы ауылдық кітапханасында   «Туған жер сені ұмытпайды » еске алу кешін өткізді. Іс-шараға қатысушылар Қ.Қ.Тұрғымбаевтың «өзі сүйетін жұмысы »  - бұл Целинный совхозы,  аудандық партия  комитетінің бірінші хатшысы болған кездері туралы еске алды. Көпшіліктің есінде   ол үлгілі, жарқын тұлға, ерекше  басшы, жаны жайсаң ашық жан ретінде  сақталып қалды. Қ.Қ. Тұрғымбаевтың есімі алтын әріптермен Отанымыз - Қазақстан Республикасының тарихына жазылды.

Первомай АК  «Туған жердің ұлы » ақпараттық сағатын өткізді.

Ақпараттық сағаттың мақсаты - біздің өлкедегі еңбек ерлерін білу, оларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, өзіміз  өмір сүріп жатқан өлкені мақтан ету.