Кітапханада жыл сайын өткен жылды қорытындылауға арналған семинар өткізу дәстүрге айналды.

Биыл да сол үрдісті жалғастыра отырып, 2020 жылдың 3 наурызында Әулиекөл ОКЖ кітапханаларының қызметшілеріне арналған «ОКЖ кітапханаларының 2019 жылғы жұмыс қорытындылары, 2020 жылға арналған жаңа бастамалары мен міндеттері» семинары өтті.

Орталық кітапхана жүйесінің директоры С.Ж.Серкебаева кітапхана қызметкерлеріне арналған құттықтау сөз сөйледі. 2019 жылы 27 мемлекеттік көпшілік кітапханалар 41,540 халқы бар Әулиекөл ауданына қызмет көрсетті (2019 жылғы 1 қазандағы мәліметтер). Тапсырмалардың көпшілігі сәтті орындалды. ОКЖ ұжымы оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсартуға, оқырман сұранысын жедел және сапалы қанағаттандыру бойынша жұмыс жасайтындығы туралы айтып өтті.

ӘББ әдіскері А.К.Мукушова өз сөзінде кітапханалардың мәдени- көпшілік жұмыстары 2019 жылдың басымдықтарына, айтулы күндері мен іс-шараларына бағытталғанын айтты. Жыл бойы 731 іс-шаралар (оның 247 мемлекеттік тілде) өтті, оған барлығы 7823 адам қатысты. 2019 жылы Әулиекөл ОКЖ оқырмандар саны 15838. Оқырмандарға саралап қызмет көрсетуге ерекше назар аударылды.

Ол әулиекөлдік кітапханашылардың мәдени және бос уақытты түрлендіріп өткізуге тырысқандықтарын атап өтті. Дәстүрлі көпшілік іс-шаралармен қатар олар жаңа формаларды да қолдана білді. «Кітапханадағы іс-шара: қалай ұйымдастыруға және өткізуге болады?» атты әдістемелік құралмен таныстырды, Новосибирск, 2018 ж.

Жинақтау бөлімінің аға кітапханашысы  Ә.Б.Сакауова кітапхана қорын зерттеу туралы ақпарат берді. Қор туралы негізгі мәліметтер қандай құжаттардан тұрады, қорды статистикалық зерттеу үшін қандай көрсеткіштер қолданылады, кітаптарды, брошюраларды, аудиовизуалды материалдарды, газет-журналдарды қабылдау және есептен шығару туралы мәлімет берді. Ол жоспарланған салыстырудан өткен кітапханалар туралы (Диев, Москалев, Первомай және Чернигов ауылдық кітапханалары ) айтып өтті. Қабылдау-тапсырудан өткендер: Калинин, Көктал (2018 жылы аяқталды), Октябрь және  аудандық балалар кітапханалары. 2020 жылы қорды жоспарлы салыстырудан: Федосеев, Лесной, Қосағал, Новонежин, Тимофеев кітапханаларында өткізу жоспарда бар. Тозған және ескірген әдебиеттерді есептен шығару туралы  түсініктемелер мен ұсыныстар берді.

Қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашысы И.Н.Будина кітапханалық маркетинг бойынша 2019 жылы Әулиекөл ОКЖ сұрау салып, халықтың түрлі топтарына сауалнамалар жүргізілгендігі, бүктемелер, парақшалар, жарнамалар, саяхаттар мен акциялар өткізілгендігін атап өтті. Әулиекөл ОКЖ барлық кітапханалары жазушылардың мерейтойларына, Қазақстанның мерекелік және т.б. айтулы күндерге арналған библиографиялық құралдар рәсімдейді.

Директордың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары  Ж.И.Нұржанова «Балалармен жұмыс» бөлімі бойынша ұсыныстар берді. Ол ауылдық кітапханалардың жылдық жоспарларын, жұмыс есептерін дайындаудағы кемшіліктері мен дұрыс жасалмаған жақтарын, сонымен қатар жағымды сәттерін де атап айтты.

ӘББ жетекшісі Ж.М. Досалина жоспарлар мен есептерге талдау жүргізіп, бөлімдер бойынша жалпы ескертулер жасады, сонымен қатар Әулиекөл орталық кітапханасының 2019 жылға арналған жұмысын қорытындылап, 2020 жылға арналған жаңа бастамалар мен міндеттермен таныстырды.

Семинарда сондай-ақ маңызды мәселе барлық қызметкерлердің біліктілігін аттыру, кәсіби білімі жоқ қызметкерлер жайында тақырып қозғалды. Семинардың соңында барлық қатысушыларға әдістемелік материалдары бар пакеттер таратылды.

.