Кітапхана өмірінде жыл сайын алғашқы семинарды өткен жылдың қорытындыларына арнау дәстүрге айналды. Биылғы жылдың басында да осы дәстүр өз жалғасын тапты.
2021 жылдың 25 қаңтарында Әулиекөл аудандық ОКЖ кітапханашыларына арналған "Әулиекөл ОКЖ кітапханаларының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, жаңа бастамалары мен міндеттері"атты семинар өтті. Семинарға 40 адам қатысты. Кітапхана қызметкерлеріне арнап ОКЖ директоры Серкебаева С.Ж.құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде алдағы жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді және шығармашылық табыс тіледі.
Жинақтау және қызмет көрсету бөлімінің аға кітапханашы Ә.Б.Сакауова кітапхана қорын зерделеу, кітаптар, брошюралар, аудиовизуалды материалдар, келіп түскен жаңа газеттер мен журналдар және оларды есептен шығару туралы ақпарат берді. Жоспарлы тексеруден өткен кітапханалар: (Қосағал, Тимофеев, Әулиекөл ОК оқу залы).Қабылдау-бағдарламаларынан өткен Тұрғымбаев, Көктал, Москалев, Новонежин, Лесной ауылдық кітапханалары туралы ақпарат берді. 2021 жылы қорларды жоспарлы салыстырмалы тексерістен өтуге тиісті кітапханалар: Федосеев, Қарақалпақ, Юльев, Харьков, Аманқарағай БК, Құсмұрын БК атап өтті. Ескірген және тозған әдебиеттерді есептен шығару бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берді.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Нұржанова Ж.И. аудандық балалар кітапханаларының жұмысына талдау жүргізіп, жылдық жоспарлар мен жұмыс есептерін құрастырудағы ауылдық кітапханалардың кемшіліктерін атап өтті. Мәдениет үйі, Балалар өнер мектебі, жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелері, "Әулиекөл ауданының өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы " КММ, " Әулиекөл ауданының тілдерді дамыту орталығы " ММ сияқты түрлі ұйымдармен және мекемелермен өзара тығыз қарым-қатынас жасайтындықтарын атап өтті.
Аға библиограф Мукушова А. К. өз сөзінде ӘК және ЖК ағымдағы түзету жұмысы, енгізілетін жаңа айдарлар, өзекті тақырыптар және атаулы күндер туралы айтып берді. Библиографиялық құралдарды құрастыру және баспаға рәсімдеу бойынша ұсыныстар берді.
ӘББ әдіскері Юрченко Н. П. өз сөзінде әріптестерімен өткен жыл ішінде слайд-тұсаукесерді көрсете отырып, пайдаланушылармен жұмыстың ең сәтті дәстүрлі және инновациялық onlain түрлерімен бөлісті.
ӘББ жетекшісі Досалина Ж.М. жоспарлар мен есептерге талдау жүргізіп, бөлімдер бойынша барлық ескертпелерді айтты, сондай-ақ Әулиекөл аудандық ОКЖ кітапханаларының 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды, 2021 жылға арналған жаңа бастамалар мен міндеттермен таныстырды.