2021 жылдың 15 маусымында Әулиекөл ауданында қостанайлық ақын, жазушы-көсемсөзші, драматург, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен шығармашылық кездесу болды. Биыл ол өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы іс-шараға орайластырылған  «Ақын деген ұлт бар»   кездесуге аудандық  әкімшілік, ұйым басшылары, шақырылған қонақтар мен ақынның шығармашылығының құрметтеушілері  қатысты.

         Кітапханашылар мен  балалар кітапханасының белсенді оқырмандары А. Алтай, П. Ольховская, А. Сартай, Д. Исмаилова А. Тәжікова, и. Искакова, Д. Амирова  А. Шаяхметтің өлеңдерін орындады.

         Іс-шара барысында  жазушының үлкен еңбек жолы туралы айтылды. Әулиекөлдік ақын, аудандық кітапхана оқырманы Абай Қажи өзінің алғы сөзінде ақынмен бұрыннан таныстығы  және достығы туралы айтып, оған өлең арнады.

         Ақынның шығармашылығына қызығушылық танытқан көрермендер сұрақтар қойып,өздеріне ұнаған өлеңдерін оқып берді.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған  «Ақын деген ұлт бар» кітап көрмесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеде жазушының өмірбаяны, кітаптары, шығармашылық қызметі туралы материалдар ұсынылды. Ақылбек Қожаұлы Әулиекөл аудандық кітапханасының оқырмандарына эссе жинақтары мен публицистикалық әңгімелері енген «Оңашадағы оқшау ойлар»  жаңа кітабымен  таныстырды (кітап 2021 жылы жарық көрді).  

         Шығармашылық кештің соңында Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы               З.А. Жанбуршинов кездесу кейіпкеріне, сондай-ақ залдағы қатысушыларға арнап өз батасын берді. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы  Тоқаева Ж.К. өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, өнер сүйер қауыммен кездесуге уақыт бөлгені үшін  жазушы Ақылбек Қожаұлына алғыс білдірді.