Аудандық семинар-тренинг
«Кітапханашының жеке тиімділігінің қағидалары»
21 қыркүйекте Әулиекөл аудандық кітапханасында ауданның ауылдық кітапханаларының қызметкерлеріне арналған «Кітапханашының жеке тиімділігінің қағидалары » аудандық семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг кітапханашылардың жұмысындағы негізгі элементі ретінде өз тиімділігі бойынша жұмыс істеу бойынша қағидаларын оқытуға, оның қоғамдағы рөлі мен бетбейнесін жақсартуға бағытталған. Оқыту барысында жеке бетбейне мәселелерін ашуға және кәсіби дайындық деңгейін арттыруға басты назар аударылды.
Кәсібиәдебиеттердіоқу-заманауи кітапханашының кәсіби қызметін барынша тиімдіетудің тәсілдері және шарттарының бірі. Заманауи кітапханашының кәсіби оқуының бетбейнесін жасаумақсатында әдістемелік-библиографиялық бөлім "Кәсібиортадаоқу" сауалнамасын өткізді, оның нәтижелерімен ӘББ бөлімінің жетекшісі Досалина Ж.М. таныстырды. Ол кәсіби оқуретінде әдістемелік-библиографиялық бөлімдегі кәсіби басылымдарды, кітапхана журналдарын, сондай-ақ педагогика, психология, әдебиеттану, әлеуметтану, өнербойынша кітаптарды, ресми мерзімді басылымдарды және аудандық кітапхана қорындағы басқа да басылымдарды пайдалану жөніндеұ сыныстар берді.
ӘББ аға библиографы Мукушова А.К. «Шеберлікке баспалдақ: кітапханашылардың кәсіби даму әдістері мен заманауи формалары» тақырыбын ашты, сөз кезегінде Тимофеев ауылдық кітапханасының кітапханашысы өзінің жеке тиімділік тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында ӘББ әдіскері Юрченко Н.П.алған білімдерін іскерлік ойындар арқылы тәжірибе арқылы бекітуді ұсынды.
Қатысушылардың пікірлері бойынша, семинар-тренинг жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылған, ашық диалогқа жағдай жасалды, әрі қарай жұмыс барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану үшін позитивті ой қалыптастыратындығына сенім білдірді. Осындай іс – шаралар өте маңызды және өзекті.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/938-kitapkhanashyny-zheke-tiimdiligini-a-idalary.html#sigFreeId391c5da48b