2022 жылғы 4 ақпанда Әулиекөл аудандық кітапханасының "Парасат жолы" орталығы аясында Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық сайлау комиссиясының орынбасары А. Ж. Нұржановамен кездесу өтті.
Іс - шара барысында кездесу модераторы А.Нұржанова мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын жетілдіру және дамыту процесінің маңызды шарты сайлаушылардың азаматтық-құқықтық мәдениетін арттыру болып табылатынын айтты. Бұл мәдениеттің деңгейі сайлау науқандарын өткізу кезеңінде ерекше мәнге ие болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан азаматының мемлекетті басқаруға қатысу, сайлау және сайлану құқығын бекітті. Өйткені, сайлау-азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысаны.
Сайлаушылардың азаматтық - құқықтық мәдениетін тәрбиелеумен айналысатын мекемелер мен ұйымдардың қатарында маңызды миссия кітапханаларға тиесілі. Кітапханада ақпаратқа еркін қол жеткізу халықтың азаматтық-құқықтық мәдениетін көтерудің қажетті шарты болып табылады. Сайлаушылардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыру үшін кітапханашылар кітапхананың құқықтық ақпарат орталығы ретіндегі бейнесін құра отырып, тек сайлау құқығы бойынша ғана емес, сонымен бірге халықты құқықтық ағарту бойынша да әртүрлі жұмыс түрлерін қолданады.
Іс-шараға « Барлығы сайлау туралы » көрме-шолу ресімделді,онда заманауи заңнама, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру материалдары ұсынылған. Қойылған
әдебиеттер Қазақстандағы сайлау процесі туралы, мемлекетіміздің саяси партиялары туралы баяндайтын сайлау құқығының тарихына арналды.
Көрмені ресімдеудің мақсаты – сайлау құқығы мәселелері бойынша халықтың ақпараттылығын арттыру.
Көрмемен танысқан оқырмандар сайлауды ұйымдастыру және өткізу, сайлау түрлері мен сайлау жүйелері, бюллетеньдердің түрлері , сайлау деген не, сайлауға қатысу қаншалықты маңызды,сонымен қатар олардың құқықтары мен міндеттерін білу туралы білетін болады.
Азаматтық - құқықтық мәдениетті арттыру бойынша кітапхана жұмысының барлық түрлері халықтың азаматтық құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған.
Барлық ниет білдірушілерді көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/968-kitapkhana-zh-ne-sajlaushylardy-y-ty-bilimi.html#sigFreeId2c59b48dcb