Аманқарағай ауылдық кітапхана-коворкингте көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Туған жердің  дана ұлы» кітап көрмесі әзірленді.

Мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Экспозиция екі бөлімнен тұрады: «Ұлы жазушының шығармалары», "Өмір және шығармашылық". Бірінші бөлімде өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласында халықтың ұлттық санасын оятатын, феодалдық тәртіпке қарсы күресін бейнелейтін, қазақтың ұлы ақынының мұқият жазылған бейнесін суреттейтін көркем шығарма  монументалды төрт томдық эпопея – «Абай жолы» – басты орын алады. Екінші бөлім энциклопедиялар мен әр жылдардағы мерзімді басылымдардан, жазушының дәйексөздерінен тұрады. 105 дана кітап ұсынылды.