Облыстық акция «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!»

 

Жыл сайын наурыздың бірінші сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. Әулиекөл ОКЖ Ы.Алтынсарин атындағы облыстық  балалар мен жасөспірімдер кітапханасына  «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орайластырылған акцияға қолдау көрсетті.  Биылғы жылы оқу үшін "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" эпосы және А.С. Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» шығармасы таңдалды.

 

Бұл акцияға Әулиекөл ОКЖ алты кітапханасы қатысты: Әулиекөл аудандық кітапханасы оқырмандарды "Кітаппен кездесу тағайындалды" /"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" эпосы бойынша әдеби кездесуге  шақырды, Первомай ауылдық кітапханасында «А.Пушкиннің ертегілерін оқимыз », /Сказка о царе Салтане/ Первомай ауылынынң плэтессасы А.Н.Галякбарова, Шымбулатовтар отбасы және орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Юльев ауылдық кітапханасы 7 сынып оқушыларына арналған «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» дауыстап оқулар өткізді. Іс-шараның қонағы ретінде Сұлукөл ауылдық кітапханасының бас маманы Л.К. Бекмағамбетова қатысты. Іс – шараның негізгі мақсаты: балалар оқуын насихаттау, қазақстандық әйелдер мен ұлттық батырлардың бейнесін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Әулиекөл балалар кітапханасында Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары үшін А.С. Пушкиннің «Сказка о царе Салтане» шығармасына арналған «В гости к славному Салтану» әдеби мерекесі өткізілді. Жыл сайынғы акция туралы қысқаша баяндамадан кейін кітапхана қызметкерлері кітаптың жас достарын жазушының шығармашылық және өмірлік жолымен қысқаша таныстырып өтті. Акцияны «Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысы Н. Яримова ашты, одан әрі  қарай мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Р.Баяхметова, Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г. Қожеғалиева, тілдерді оқыту орталығының мұғалімі С.Жұмабаева және балалар  жалғастырды. Патша Салтанның ертегісіндегі ертегі кейіпкерлері түрлі байқаулар мен викториналар өткізді.

 

Кітапханада өзара үйлесімділік орнаған нағыз оқу мерекесі ұйымдастырылды: кітап, оқырман, сөз, тыңдаушы бәрі  бір  тұтас болды. Бұл күні аудиториядан алған әсерлі күйді сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Тыңдаушылар  іс-шарадан алған  шабыттарынан  көздері  бал-бұл жанып, көтеріңкі  көңіл -күймен тарқасты.