«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» мерекелік бағдарлама

 

Наурыз-көктемгі күн мен түннің теңелуін, жаңа бастамалардың басталуын, табиғаттың жаңаруын, зұлымдықтың қараңғы күштерінен мейірімділіктің жарқын сәулелерін  бейнелейтін көктем мейрамы.

 

Әулиекөл аудандық кітапханасында осы ұлыстың ұлы күніне арналған "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара туған елге деген патриоттық сезімге, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

Кітапхана есігі барлық оқырмандар мен Наурыз мейрамын қарсы алуға шақырылғандар үшін айқара ашық болды. Оқу залы ұлттық нақыштағы түрлі-түсті қазақи оюлармен  безендіріліп, ұлттық тағамдарға толы дастархан басына біздің "Дәстүр" клубының құрметті қатысушылары жайғасты, көрермендер ретінде өнер мектебінің оқушылары шақырылды. Іс-шара дәстүрлі "Шашу" және Қыдыр атаның "Бата беру" рәсімдерінен басталды. "Дәстүр" әдеби-фольклорлық клубының қатысушылары "Тұсау кесу" және т.б. әдет-ғұрпын көрсетті, Наурыз туралы көптеген әндер шырқалды. Іс-шара қатысушыларына Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Айса Самалдың  домбыраның сүйемелдеуімен орындаған қазақтың халық әндері ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнер мектебінің оқушылары «Шашу » және «Қамажай » билерін орындады. Іс - шара соңында қонақтар мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиіп, мерекеге арналған бата-тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

https://www.instagram.com/p/CbO4rC-qn9e/