«Естеріңізде болсын, ұрпақтарбілсін» әдебисазды кеші.
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ҰОС тарихы мен Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысы бар көптеген жандар тұрады. Бұл біз үшін қайғы – қасірет пен мәңгілік естен кетпес жағдай.!
20 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында «Туған елім, тірегім, Әулиекөл » өлкетану жобасы аясында «Естеріңізде болсын, ұрпақтар білсін» әдеби сазды кеші өтті. Жүргізушілер іс-шара қонақтарын Ұлы Отан соғысының тарихи оқиғаларымен және Ауғанстандағы әскери іс-қимылдармен таныстырды, сондай-ақ біздің жауынгерлеріміздің өз борышын қаншалықты батыл және кәсіби орындағаны, қиын жағдайда көрсеткен табандылығымыз бен қайсарлығымыз, әскери ант пен азаматтық парызға деген адалдығы туралы айтып берді. Іс-шараның құрметті қонақтары Ауғанстандағы ұрысқа қатысқандар : Ерішев Ғ.Ә., Жарбосов Ж. Б. және ҰОС өкілі ретінде соғыс ардагері Қаскин Алдабергеннің қызы Б.А.Уаисованы шақырған болатынбыз. Бибігүл Алдабергенқызы әкесінің қиын тағдыры мен әскери өмір жолы туралы айтып, әскери фотосуреттерімен бөлісті. Кездесу қонақтары Ғ. Ерішев пен Ж.Жарбосов балаларға Ауғанстандағы ауыр әскери қызмет туралы айтып, ұрыстың ең қиын сәттерін еске алды. Ж.Жарбосов өзімен бірге қызмет еткен достарынан қалай көз алдында айрылған естелігі өте әсерлі сәт болды. Қатысушылар барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға қатысқан балаларға жауынгерлердің ерлігі оларды бей-жай қалдырмағаны және олардың жүрек түкпірінде әлдебір ілтипат тапқандары сезіліп тұрды.Балалар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауынгерлердің қандай ауыр жағдайды бастан кешіп, аман - сау бейбіт өмірге қалай жеткендеріне таңданғандарын жасыра алмады. Іс - шара «Ер есімі-Ел есінде » кітап көрмесі және тұсаукесерімен сүйемелденді. Ұрыстар аяқталсада, тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарихқа енді. Бірақ оның тарихы жауынгерлердің қанымен, аналардың көз жасымен жазылғандықтан адамзаттың есінде мәңгі өмір сүреді.
Жалпы саны 36 адамқатысты.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/991-literaturno-muzykalnyj-vecher-pust-zhivye-zapomnyat-i-pust-pokoleniya-znayut-2.html#sigFreeIddbbf1b4e0d