Заманауи кітапханашы оқырман үшін бәріне дайын.  Олар оқырманға қажетті кітапқа кеңес берумен шектелмей,- танымал әдеби кейіпкер бейнесінде сомдай  алады.Осы ретте   Әулиекөл кітапханашыларын  үлгі етуге болады.

 

2022 жылғы 1 ақпаннан 25 сәуір аралығында  Әулиекөл  аудандық кітапханасында  «Әдеби кейіпкер бейнесіндегі кітапханашы »  аудандық кәсіби шеберлік байқауы жарияланды. Байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең –өтінімдерді тапсыру, оған  29 кітапхана қызметкері байқауға  қатысуға өтініш берді. Байқаудың екінші кезеңі наурыз айында өтті, қазылар алқасына қатысушылар таңдалған туынды   бойынша буктрейлерлер ұсынды.

Үшінші кезең-25 сәуірде өтті, бұл кезеңде әдеби бейнеге қайта оралу мүмкіндігі туды. Сахнада біз классикалық және драмалық шығармалардың, ертегілер мен мысалдардың  басты кейіпкерлерін тамашаладық:  «Евгений Онегин » – А. С. Пушкин / Москалев АК, Юльев АК/, «Толстый и тонкий» - А. П. Чехов / Әулиекөл ОК/, " «Рождество алдындағы түн » - Н. В. Гоголь / Аманқарағай АК/,  «Алдар Көсе » – Қадыр Мырза  / Лесной АК/,  «Золушка » - Ш. Перро / Аманқарағай БК/, И. Крылов  « Қарға мен түлкі » / Октябрь АК, "Еңлік-Кебек" – М. Әуезов / Новонежин АК/, « Жусан иісі  » -С. Мұратбекова /Бағаналы АК /  «Вечера на хуторе близ Диканьки» - Н. В. Гоголь / Соснов АК/,"  «Анна Каренина  » -                         Л. Н. Толстой / Диев АК/," «Менің атым Қожа  »- Б. Соқпақбаев / Лаврентьев АК, Әулиекөл ОК/," Дала құпиясы " - А. Мекебаев / Әулиекөл ОК / және т.б.

Барлық қатысушылар лайықты өнер көрсете білді, өздерінің кәсіби мүмкіндіктерін, қайталанбас даралығын, қиялын, әзілін, әртістік және шығармашылық ойлау қабілеттерін ортаға салды. Қазылар алқасына байқаудың үздігін анықтау оңай болған жоқ. Үшінші орынды кітапханашылар З.Г.Байрамгулова, Г.Ж.Сатубалдина / Әулиекөл ОК/ және  И.В.Кобелева /Первомай АК / өзара бөлісті, екінші орынды кітапханашылар Карбаева Г. К /Аманқарағай БК/ және Кельм Е. О. /Аманкарағай  АК / иеленді , бірінші орынға  Юльев ауылдық кітапханасының кітапханашысы  З.Б.Тулегенова  лайықты деп танылды.

Әулиекөл аудандық ОКЖ директоры  С.Ж.Серкебаева  барлық қатысушыларға шығармашылық жеңістер мен шабыт тіледі, олар шығармашылық әлеуетті жандандыруға ықпал ететінін, кітапхана мамандарының білімін, кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретінін және кітапхана кәсібінің беделін арттыруда оң нәтиже беретінін атап өтті.

Байқауға қатысушылар  дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.