«Әулиекөл кітаппен» флешмобына «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы және Әулиекөл ауылының тұрғындары қатысты. 12 тамызда сағат 10.00-де қатысушылардың қолында оқуға шақыратын кітаптар мен әдеби журналдар, плакаттар мен парақшалар пайда болды. Бұл әрекеттің барлығы өтіп бара жатқан адамдардың назарын кітап оқитын оқырмандарға аударуға бағытталған.
Балалар кім дауыстап, кім іштерінен өлеңдер мен проза оқыды, сонымен бірге дөңгелене тұрып, көшеде серуендеп өтіп бара жатқан адамдарды қоршап алып шеңбер жасасты. Бұл іс-шараға тұрғындар әртүрлі қарады. Біреулер «ақылды» көпшілікке тандана қараса , кейбіреулері тоқтап, оқуды тыңдады. Көптеген кісілер іс шараны мақұлдап,қызығушылықтарын білдіріп: Осындай акциялар көп болса, адамдар жиі оқи бастайды! - деп тілектерін білдірді. Кейбір жүргіншілер флэшмоб қатысушыларына қосылуға ниет білдірді. Оқырмандардың белсенді қозғалыс топтары тіпті өтіп бара жатқан көлік жолаушыларының назарын аударды. Адамдардың көрсеткен іс-әрекеттері флэшмобтың мақсатына қол жеткізгенін білдірді.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/994-uliek-l-kitappen-fleshmob.html#sigFreeId5ed91d31e2