Кітапхана қоры-кітапхана қызметінің маңызды негізі. Қордың мазмұны мен сапасына пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі ғана емес, сонымен қатар кітапханаға деген көзқарасы, оның беделі де байланысты.
8 тамызда Әулиекөл аудандық ОКЖ базасында кітапхана қызметкерлерінің «Кітапхана қоры-кітапхананың іргетасы » аудандық семинары өтті.
Іс - шараны ұйымдастырушы және жүргізуші-жинақтау бөлімінің кітапханашысы Сакауова Ә. Б.Семинарға ауылдық кітапханалардың 24 кітапханашысы белсенді қатысты.
Семинардың бірінші бөлімінде кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару, кітапхана қорын зерделеу бойынша сұрақтар ашылды. Әзірленген нұсқаулықтар, сызбалар мен кестелер мұқият зерттелді.
Семинардың екінші бөлімі тәжірибелік сабақтарға арналған – аналитикалық әдіс арқылы кітап қорын зерттеу, әдебиеттерді есептен шығару актілерін рәсімдеу, мерзімді басылымдардың түсуін рәсімдеу.
Семинардың мазмұнды бағдарламасы қатысушыларға қорлармен жұмыс жасаудың қыр-сырын білуге, әріптестермен белсенді әңгімелесуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысушылардың оң пікірлері осындай іс-шараларды өткізудің тиімділігін көрсетті.
https://auliekol-cbs.kz/kz/zhanaly-tar/996-kitapkhana-ory-kitapkhanany-irgetasy-audandy-seminary.html#sigFreeIdb8a0fcb61e