Жаңалықтар

Әулиекөл аудандық кітапханасында кітап, кітап оқуды дәріптеу, кітапхананың оң бейнесін қалыптастыру мақсатында «Шексіз кітапхана» ашық есік күні өтті.

Москалев ауылдық үлгілі кітапханасы өз оқырмандары үшін Қостанай қаласына Қазақстанның Ұлттық Банк филиалына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық валютаның 25 жылдығы күні   саяхат ұйымдастырды.

ҚР Президентінің  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын насихаттау барысында  Әулиекөл ОКЖ  бірқатар іс-шаралар жүргізді

Әулиекөл аудандық кітапханасында кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында  / "Рухани жаңғыру"  бағдарламасы аясында/  «Заманауи қазақстандық көркем әдебиетті насихаттау» семинары өтті. 

Осы жылы қазақтың әйгілі композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының туған күнінің  195-жылдығы атап өтілуде. Осы айтулы күнге орай 10 қазанда Әулиекөл аудандық кітапханасында   «Уақыт аңызы» сазды сағаты өтті.

Аудандық кітапханада кітапханашылардың біліктілігін арттыру аясында  жыл сайынғы дәстүрге айналған тәжірибе алмасу Күні өтті.