Жаңалықтар

Әбілхан Қастеевтың 115 жылдығына орай Әулиекөл аудандық кітапханасында «Адам, Тұлға, Дарын» көрме-вернисажы ұйымдастырылды.  Көрменің міндеті: кітапхана пайдаланушыларын көркем сурет өнеріне тарту,жас ұрпақтарды белгілі суретшінің шығармашылығымен таныстыру,халық өнері арқылы эстетикалық сезімдерге тәрбие беру. Көрме мына бөлімдерден: «Шексіз дарынды адам», «Қазақ мәдениеті» суретшінің өмірбаяны туралы мәліметтерден тұратын бөлімдерден ұсынылады. Энциклопедиялық анықтамалық. Көрменің келесі  бөлімі  Б.Тоғысбаевтың танымал суретші туралы естеліктері бойынша  «Тарихи тұлғалар », «Даланың дарынды шәкірті»  және т.б тұрады. «Уақыттың аралық әсері»  бөлімі  Ә.Қастеевтың көшірмелері бойынша  жасалған альбомнан тұрады. Көрмеге суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайлы  жазылған кітап,журналдардағы материалдар мен туындыларының  көшірмелері  қойылған.Кітапхана барлық ниет білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырады.

21 желтоқсанда Әулиекөл аудандық кітапханасында Расул Гамзатовтың 95 жылдығына арналған ауылшаруашылық колледжінің студенттері үшін  «Его душа родилась крылатой» әдеби-сазды вернисажы өтті.

2018 жылғы 24 желтоқсанда Көктал ауылдық кітаханасы  «Атамекен » жастар клубында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Тәуелсіз елім – тірегім» атты тарихи ракурс өткізді.

Құсмұрын ауылдық кітапханасы   «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік  Независимость, завещанная предками» атты көрме-қарау ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды Қазақстан Тәуелсіздігінің басты оқиғаларымен таныстыру, елжандылық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының жарқын болашағы және тарихи өткені мен бүгінгісіне мақтаныш  сезімдерін қалыптастыру, оқырмандардың өз мемлекеті  туралы білімдерін кеңейту. Кітапханашы қазақ халқының салт-дәстүрлері, Тәуелсіздік мерекесі, Қазақстанның  рәміздері туралы айтып өтті.

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздіктің еркіндігі мен   қуаттылық нышаны болып табылады.  Аудандық кітапханада   «Біздің Отанымыз- Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-сазды композициясы өтті. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстанның тарихи өткені  және  бүгінгісі,  жарқын болашағына деген  мақтаныш, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, моральдық-өнегелік құндылықтарға және рухани жағынан нығайтуға ықпал ету. Іс-шараға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің студенттері шақырылды.Қатысушыларға  «Тәуелсіздік Күні»  фильмі көрсетілді. Іс-шара  «Қазақстан - бейбітшілік пен келісім елі» слайд-тұсаукесерімен жалғасты.   «Менің Қазақстаным» атты викторина жүргізіліп, ең белсенді қатысушыларға силықтар табыс етілді.

2018 жылғы 14 желтоқсанда Әулиекөл аудандық кітапханасы Тәуелсіздік Күніне арналған «Егемен елдің Тәуелсіз жолы»кітап көрмесі ұйымдастырды.        Қазақстанның Тәуелсіздігі еліміздегі көпұлтты халықтың маңызды жетістігі болып табылады. Дәл осы ұлттардың ауызбірлігі мен ұйымдасушылығы тарихтағы аз уақыт ішінде жас тәуелсіз мемлекетіміздің  маңызды әлеуметтік-экономикалық табыстарға жетуі және халықаралық мойындатуға  жеткізуге мүмкіндік берді.Тәуелсіздік, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігін қоса алғанда – оның гүлденуі және табысының кепілі.Кітап көрмесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Казахстанский путь», «Стратегия независимости», «В сердце Евразии» және т.б. Көрмеде  тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және дамуы жайлы баяндайтын кітаптар оның ішінде: Әуелбек Ә. «Болашағына қол созған Қазақстан», Адырбек К. «Тәуелсіздікке талпыныс», М.Қозыбаева «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбекова «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаева «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» ұсынылды. Кітап көрмесінде барлығы 42 кітаптар мен журналдар ұсынылды.