Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Әулиекөл ОКЖ Аманқарағай СК  «Мен өз елімнің патриотымын» «Я патриот своей страны» атты патриоттық сағат өткізді.

«Әдеби Қостанай» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Әулиекөл ОКЖ Млскалев МК-да түрлі жастағы оқырмандар жиналды.

Қостанай облысының 80-жылдығын тойлау аясында Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарға арналған «Әулиекөл жерімен» атты әдеби-тарихи саяхат өткізілді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, «Қоғамдық келісім» РММ және КММ еліміздің кітапханаларымен бірлесіп, этно-ағарту кешендері және барлық тілек білдірушілер арасында жалпықазақстандық ашық диктант жазуды өткізді.

Әулиекөл аудандық кітапханасында ауылшаруашылық колледждің студенттеріне арналған «Жүректерді ән кернеп» атты соғыс жылдарының ән кеші өткізілді.

Әулиекөл орталық кітапханасы Құсмұрын УК-161 түзету-еңбек колониясында Жеңіс күніне арналған «Тарихтың даңқты беттері... » атты әдебиетпен танысуды ұйымдастырды.

29 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған «Кітап арқылы-бірлікке, бейбітшілікке және келісімге» атты кітаптық-көрнекілік көрменің тұсаукесері өтті. Бұл іс-шараға И.Сьянов атындағы №3 мектептің жоғры сынып оқушылары шақырылды. Барлығы 23 адам қатысты.