Жаңалықтар
Әулиекөл аудандық кітапханасында 23 қыркүйекте үлкен адамгершілік- патриоттық іс- шара өткізілді, іс- шара барысында жазушы Сайын Мұратбековтің екі шығармасының тұсаукесері және Тілдер күнін мерекелеуге арналған «Тілім менің – өмірімнің өлеңі» атты мәтінді мәнерлеп оқушылар конкурсы өтті.
Аудандық кітапханада белсенді оқушылар мен №2 ОМ оқушыларының қатысуымен Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған «Көркем сөздің шебері» атты әдеби круизі өтті. Оқырмандардың жазушы- жерлесіміздің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысуға мүмкіндігі боды. Іс- шара барысында Бейімбет Майлин туралы өлеңдер айтылды, жазушы туындыларынан үзінділерді дауыстап оқыды. Іс-шарада Б.Майлиннің отбасы, оның шығармашылық қызметі туралы фотоқұжаттар ұсынылған слайдар көрсетілді. Оқырмандар үшін «Қазақ әдебиетінің қара нары» атты көрме- шолу безендірілді, онда аудандық кітапханада бар жазушының туындыларын табуға болады.
2014 жылғы 17 шілдеде Аудандық Мәдениет үйінде Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» фестиваль-байқауы өткізілді. Іс- шараның негізгі мақсаты- қарт азаматтарға мәдени ойын-сауық ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттілігін ашу. Мәдениет үйінің фойесінде «Жаса Жеңіс мәңгілік» кітап көрмесі жайылды. Конкурсқа аудан орталығы, селолық округінің зейнеткерлері. Аудандық кітапханадан «Дәстүр» әдеби-фольклор клубының өкілдері қатысты. Ең белсенділер бағалы жүлделермен марапатталды. Іс- шара қызықты және мағыналы өтті.
Кітап және авторлық құқық күніне арналған мерекелік бағдарлама
23 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасы «Кітап-даналық қазынасы» мерекелік бағдарламасын өткізді.
Наурыз мейрамын мерекелеу күндері аудандық кітапхана тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, үлкен мерекелік іс - шара өткізді. Мереке «Сарыарқа» күйі ойналып, дәстүрлі «Шашу» шашумен ашылды. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіл біліміне конкурстық бағдарлама өткізілді. Конкурсқа «Ақ бота» бала бақшасының ұжымы қатысты. Қызметкерлер «беташар», «бесікке салу» қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, мақал- мәтелдерді кезекпен жатқа айтты, «Бесбармақ» және «Наурыз көже» ұлттық тағамдарын дайындады. Тамашасы да, қызығы да мол мереке соңы ақжаулықты әженің ақбатасымен қорытындыланды.