Жаңалықтар

Әулиекөл аудандық кітапханасында ауылшаруашылық колледждің студенттеріне арналған «Жүректерді ән кернеп» атты соғыс жылдарының ән кеші өткізілді.

Әулиекөл орталық кітапханасы Құсмұрын УК-161 түзету-еңбек колониясында Жеңіс күніне арналған «Тарихтың даңқты беттері... » атты әдебиетпен танысуды ұйымдастырды.

29 сәуірде Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған «Кітап арқылы-бірлікке, бейбітшілікке және келісімге» атты кітаптық-көрнекілік көрменің тұсаукесері өтті. Бұл іс-шараға И.Сьянов атындағы №3 мектептің жоғры сынып оқушылары шақырылды. Барлығы 23 адам қатысты.

Әулиекөл аудандық кітапханасында «Ең қызықты кітаптар» акциясы басталды. Акция барысында оқырмандарға биылғы жылы өздері оқыған қызықты кітаптарға дауыс беруді ұсынылды.

Әулиекөл аудандық кітапханасында 15 қазанда «Береке! Бірлік! Ынтымақ!» атты достық фестивалі өткізілді.

2015 жылдың 29 қыркүйегінде Әулиекөл аудандық кітапханасында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті. Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы мен ағартушылық еңбектеріне байланысты мәліметтерді насихаттау, әріптестердің жұмыс тәжірибесімен танысу, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру үшін ғылыми ақпаратты талқылау.

Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанда мәдениет тарихы мен қоғамдық- ғылыми пікірінде шын мәнінде құрметті орын алады.