Жаңалықтар
Қазақстанда Отан қорғаушылар күні жыл сайын 7 мамырда атап өтеді. Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев осыдан 25 жыл бұрын Ұлттық Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды.Бұл күн қазақстандықтардың ерлік істерінің шежірелері және Отанға қызмет ету дәстүрінің бірізділігін бейнелейді.
Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан ең жарқын да,ізгі мейрамдардың бірі - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді.
Казақстан – 125-ден астам ұлт пен халқы бар көп ұлтты мемлекет. Халықтардың ұйымшылдығы үшін үкімет басшысы түрлі іс-шаралар өткізеді, солардың бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл көктемнің жарқын мейрамы Қазақстанның әр қаласында өтеді,орталық көшелеріндегі парадтар мен шерулер, сонымен қатар көңіл көтеретін көптеген іс шаралар өткізіледі. Аманқарағай ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел басында әр ұлттың оқырмандары өз халқының салт-дәстүрлерін айтып беруге жиналды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты азаматтылыққа, отансүйгіштікке, Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтың бірлігіне,өз елінің тағдырына ортақтастығын қалыптастыруға ықпал ету.
2018 жылғы 24 сәуірде сағат 15.00 Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарды жергілікті әулиекөлдік – ақын,жазушылардың шығармашылығымен кеңірек таныту мақсатында «Туған жер дауыстылығы» «Родной земли многоголосье» шығармашылық кездесу-кеші өтті.
«Когда строку диктует чувство» поэзиялық кеші жергілікті ақындар А.И.Тарабанова және А.Н. Галякбаровамен Первомай ауылдық кітапханасында өтті.